Атырауда Наурыз мерекесінде 80 ге жуық бала адасып, аман есен табылды

23.03.2026

Azh.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Исатай–Махамбет алаңында өткен мерекелік шара барысында 78 бала ата-анасынан ажырап қалған. 

Полиция мен ұйымдастырушылардың жедел әрекеті арқасында олардың барлығы тез арада анықталып, заңды өкілдеріне қайтарылды. Көпшілігі бір сағатқа жетпей табылса, бір жасөспірімді іздеу үш сағатқа созылды.

7 жастағы бала бейнебақылау камералары арқылы анықталды. Анасына жете алмаған соң, ол жұмыс орнына бармақ болған. Бірақ инспекторлар оны дер кезінде байқап, анасына жеткізді.

Осы оқиғадан кейін полиция департаменті ата-аналарға ескерту жасады: көпшілік жиналатын орындарда балаларды қараусыз қалдырмау және оларға мұқият болу қажет.

Бүгін, 15:11

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью