Атырауда наурызға арналған концерт кезінде 80 ге жуық бала жоғалған

23.03.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

— Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шара кезінде Исатай-Махамбет алаңында 78 бала ата-анасынан көз жазып қалған. Олардың барлығы жедел түрде табылып, заңды өкілдеріне табысталды. Олардың басым бөлігі бір сағатқа жетпей анықталды. Тек бір жасөспірімді полицейлер 3 сағатқа жуық іздеді, — делінген хабарламада.

Сонымен қатар, көпшілік шара барысында ата-анасынан көз жазып қалған 7 жастағы жасөспірім бейнекамералар арқылы анықталды. Бүлдіршін анасын таппаған соң, бірден оның жұмыс орнына баруға шешім қабылдаған. Балақайды камера арқылы анықтаған инспекторлар анасына әкеп қауыштырды. 

Мұндай оқиғаларға байланысты полиция ата-аналарға адамдар көп жиналатын орындарда балаларға мұқият болуды, оларды қараусыз қалдырмауды сұрайды.

Бұған дейін Атыраудағы Исатай мен Махамбет атындағы алаңға 25 мыңнан астам тұрғын жиналып, Наурыз мейрамын тойлағанын жаздық. Қонақтарға арналып 30-ға жуық ақшаңқан үй тігіліп, олардың әрқайсысы қазақ халқының бай мәдениеті мен салт-дәстүрін дәріптеді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью