Атырауда NCOC менеджерін өлтірген қаскөйдің үкімі өзгеріссіз қалды

27.01.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Сот алқасы үкімді өзгертуге немесе оның күшін жоюға негіз жоқ деп тапты.

– Жәбірленушінің пайдасына материалдық және моральдық залал өндірілді. Сот алқасымен сот үкімін өзгертуге немесе оның күшін жоюға негіздер анықталмады. Осыған байланысты бірінші сотының үкімі өзгеріссіз, апелляциялық шағымдар қанағаттандырусыз қалдырылды, - деп мәлімдеді Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі. 

Былтыр сәуір айында Атырау қаласындағы элиталық тұрғын үй кешенінде әйелдің мүрдесі табылып, кейін қылмыстық іс қозғағанын хабарлаған едік.

Кейін күдікті ұсталып, оның 38 жастағы қала тұрғыны Арман Жетпісов екені белгілі болды.

Былтыр күзде іске нүкте қойылып, Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен сотталушы алаяқтық, зорлау және жүкті әйелді басқа қылмыстарды жасыру мақсатында аса қатыгездікпен өлтіргені, сондай-ақ ұрлық жасағаны және автокөлікті заңсыз иемденгені үшін кінәлі деп танылды. 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью