Атырауда өлтірілген отбасының күйеу баласы ғана емес, қызы да күдікке ілінді

25.02.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

— Кеше ғана күдіктілер Индонезияда ұсталғанын растаймын. Қазіргі кезде оларды елге жеткізу мәселесі шешіліп жатыр, — деді Санжар Әділов Парламент Мәжілісінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, осы іс бойынша тергеу амалдары мен тиісті сарапталар жалғасып жатыр.

Сонымен қатар министрдің орынбасары күдіктілердің жасырынып жүрген жерін анықтау жұмыстарына да тоқталды.

— Халықаралық іздестіру жарияланғаннан кейін Интерпол өкілдері мен Қазақстан полицейлері бірлесіп арнайы топты құрды. Осы жұмыстың нәтижесінде күдіктілер ұсталды, яғни әйелі де күдікті ретінде қарастырылып отыр, — деді Санжар Әділов.

Еске салсақ, Жангелдин ауылында тұратын отбасы 2025 жылдың соңына белгісіз жағдайда жоғалып кеткен еді

6 қаңтарда Атырау облысы аумағынан жоғалған отбасының екі мүшесінің — отағасы Мақсот Қарабалин мен оның жұбайы Нәсіп Өтешқалиеваның денесі сарайдан табылды

9 қаңтарда Атырау облысында отбасы мүшелерін өлтірді деген күдікке ілінген марқұмдардың күйеу баласы Сұлтан Сарсемалиев екені ресми түрде анықталды

Сонымен қатар, Атырауда ата-енесін өлтірді деген күдікті Индонезияда ұсталғаны мәлім болды.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью