Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Басты мақсат – есірткіге еліткендерді ерте сатыдан анықтау және алдын алу. Әзірге тестілеудің қай уақытта басталары белгісіз. Наркоскринингті Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығы облыстық білім беру басқармасымен бірлесе жүзеге асырады. Оған 9-11 сынып оқушылары мен колледждердің 1 курс студенттері ата-аналарының келісімімен қатыстырылады.
– Атырау облысында 2024-2027 жылдарға арналған қылмыспен күресу және оның алдын алу, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту бойынша ведомствоаралық кешенді жоспарының 23 тармағы бойынша есірткіге тәуелділікті ерте сатыларында анықтау мақсатында және есірткі тұтынушылардың дұрыс есебін қалыптастыру бойынша ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 11 желтоқсандағы №104 бұйрығына сәйкес «консультативтік бақылау» жүзеге асырылуда, - деді басқарманың баспасөз хатшысы Ләззат Өтепова.
Облыстық психикалық денсаулық орталығы нароскринингке дайындықты бастап кетті. Мамандар ата-аналарға алаңдауға негіз жоқ деп отыр. Тексеру барысында оқушы тек зәрін тапсырады. Ал оны жинау және талдау жұмыстары орталық қызметкерлеріне жүктелген.
– Ата-аналар өз ұрпағының денсаулығына аса мән беріп қарау керек. Біз олар сұраған барлық ақпаратты айтамыз. Тексеріс жүргізу үшін ата-аналардың келісімі керек. Жастардың ағзасында қандай есірткі бар екенін анықтау. Оның ешқандайда қиындығы жоқ. Анықтау үшін жассөспірімнің зәрінен 11 түрлі есірткінің бар-жоғын анықтаймыз, - деді Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының психиатр-наркологы Темір Есенгелдин.
Жуықта Мемлекет басшысы Қаржылық мониторинг агенттігінде өткен жиында есірткі бизнесімен күресті күшейту қажеттігін айтқан еді.