Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
АЛМАТЫ, 6 сәуір – Sputnik. Атырауда жаяу жүргіншілер өткелінде оқушыны көлік қағып өлтірді, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Қайғылы оқиға 6 сәуір сағат 07:45 шамасында болған.
"1974 жылы туған жүргізуші Toyota Hiace автокөлігімен жаяу жүргіншілер жолағымен өтіп бара жатқан 8 жастағы баланы қағып кеткен. Бала оқиға орнында көз жұмды", - дейді полиция.
Қылмыстық іс тіркеліп, тергеу жүргізіліп жатыр.
Қайтыс болған қыз бала Binom мектебінде оқыған.