24.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Атырауда «Жұмысшы мамандықтар жылына» орай жас мамандарға жасанды интеллекттің қыр-сырын үйретуге арналған семинар өтті. Шара аясында оқытушылар жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалану бойынша дәріс тыңдады. Кейін цифрлық өндіріс зертханасында 3D-принтер, интерактивті басып шығару, фрезер-гравер құрылғыларымен жұмыс істеп, тәжірибеден өтті.
Семинарға өңірдегі колледждерде жұмыс істейтін 25 жас маман қатысты. Облыстық білім беру басқармасы оқытушылардың біліктілігін арттыруға бағытталған осындай іс-шараларды жиі ұйымдастырмақ. «Бұл студенттердің де сапалы білім алуына мүмкіндік береді», - дейді олар.
Тұхфатолла Жұмағазиев, Энергетика және құрылыс колледжінің директоры:
- Заманауи технологияларды игеру үшін бізге біріншіден, студенттерге, болашақ мамандарды дайындау үшін соны оқытушылар керек болды. Қазіргі еңбек нарығына барғанда, зауыттар мен өндірістерге барған кезде көрген, білікті маман ретінде әрі қарай жұмыс істеп кетуіне үлкен септігін тигізеді деп ойлаймын.