24.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Атырауда өткен «Экомәдениет – жарқын болашақтың кепілі» атты іс-шарада волонтерлер алда атқарылатын жұмыстарды пысықтады.
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясындағы кездесуде «Green Step School» жобасының арт-көрмесі мен шеберлік сағаты ұйымдастырылды. «Мұндай шаралар қоршаған ортаны қорғаудағы қоғамдық белсенділікті арттырып, жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға үлес қосады», - дейді ұйымдастырушылар. Сондай-ақ аудандардағы белсенді жастар экологиялық жобасын ұсынып, қаржылық қолдауға ие болды. Айта кетейік, өңірде жыл басынан бері өткен экологиялық акцияларға сегіз мың адам қатысып, 20 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды.
Мәнсия Сағидоллаева , Жастар ресурстық орталығының басшысы:
- Жалпы біздің негізгі мақсатымыз бастамашыл жастарды әлеуметтік бағытта, кәсіптік бағытта және осындай волонтерлік бағыттағы жобалардың жүзеге асыру. Бұған 1 млн және 500 мың теңге көлемінде гранттар беріліп отырады.