Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Атырау қаласында 2024 жылдың желтоқсанынан бері пластмасса өнімдерін шығаратын кәсіпорын жұмыс істеп келеді. Зауыт тамақ салуға арналған контейнерлер, ПЭТ-преформа және бөтелке қақпақтарын жасап, ішкі нарықты сапалы өніммен қамтамасыз етуде.
Жобаның жалпы инвестициялық құны — 200 миллион теңге. Өндіріс толық автоматтандырылған, заманауи жабдықтармен жабдықталған. Монокезеңдік технологияның арқасында ПЭТ-гранулдан дайын өнім бір циклде алынады.
2025 жылдан бастап кәсіпкер Асылбек Абуов «Атырау өнімі» аймақтық бизнесті қолдау бағдарламасына қатысып келеді. Бағдарлама жергілікті өндірісті дамытуға, шағын және орта кәсіпкерлікке тұрақты қолдау көрсетуге бағытталған. Осы аясында кәсіпкер өндірісті кеңейту үшін 52 миллион теңге көлемінде жеңілдетілген несие алып, қосымша екі станок сатып алды.
«Қазір біз алты түрлі өнім шығарамыз. Жаңа жабдық орнатылғаннан кейін бұл сан онға дейін жетеді. Ай сайын 3 миллион ПЭТ-преформа мен 600 мың тағамдық контейнер өндіруге қауқарымыз бар. Шикізатты KPI компаниясынан аламыз, бұл логистикалық шығындарды азайтады. Қазіргі өнім Атырау облысында сатылып жатыр, алдағы уақытта Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Астрахан облыстарына шығуды жоспарлап отырмыз», — дейді кәсіпкер Абуов.
Қазіргі таңда зауыт айына 15 тонна өнім шығарады. Жаңа станоктар іске қосылғаннан кейін бұл көрсеткіш 80 тоннаға дейін өседі. Кәсіпорында 25 жаңа жұмыс орны ашылды.
«Атырау өнімі» бағдарламасы арқылы Атырау мен Құлсары қалаларында тіркелген кәсіпкерлер 7% жылдық мөлшерлемемен 70 миллион теңгеге дейін жеңілдетілген несие ала алады. Бағдарлама облыс әкімінің қолдауымен жүзеге асырылып, жергілікті бюджеттен 1 миллиард теңге бөлінген.
Кәсіпкердің айтуынша, мемлекеттік қолдау өндірісті кеңейтуге, жаңа жұмыс орындарын ашуға және жергілікті бизнестің нарықтағы орнын нығайтуға зор мүмкіндік береді.
Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі (@rsc.atyrau)'in paylaştığı bir gönderi
Бүгін, 14:15