Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Жақында мессенджерлер мен әлеуметтік желіде Атырау қаласында Daewoo Matiz автокөлігінің жүргізушісі өзге көлік иелерінен ақша бопсалау мақсатында жол-көлік оқиғаларын әдейі ұйымдастырады деген аудиохабарлама тарады.
Желідегі қызу талқының туындауына 23 мамыр күні сағат 18:30 шамасында Қ.Ахмедияров көшесінде орын алған жол апаты себеп болған. Онда Hyundai Elantra және Daewoo Matiz маркалы автокөліктері соқтығысқан. Ресми мәлімет бойынша, бұл жол апатынан ешкім зардап шеккен жоқ.
Алайда осы оқиғадан кейін желі қолданушылары арасында ерекше аудиожазба белсенді түрде тарала бастады. Оның авторы бұл Matiz көлігінің мұндай күмәнді жол апаттарына бірнеше рет қатысқанын алға тартқан.
Атырау облыстық Полиция департаменті әлеуметтік желіде тараған бұл ақпаратқа қатысты ресми тексеру амалдары басталғанын хабарлады.
«Қазір тиісті материалдар жинақталып, жедел-тергеу тобына жолданды. Тексеріс қорытындысы бойынша бұл жағдайға толықтай құқықтық баға беріледі», — деп хабарлады полиция өкілдері.
Айнұр САПАРОВА
Бүгін, 09:45