Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Бұл қаржы болжаммен 3 айға жетеді. Қалған миллиардтар алдағы уақытта кезең-кезеңімен қаралады.
Бұл туралы Атырау қалалық жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімі басшысының орынбасары Алмас Сәрсенов мәлімдеді.
Мамандардың сөзінше, субсидия көлемінің артуына жанар-жағармай бағасының, автобөлектердің қымбаттауы, жолаушылар санының, жүргізушілер жалақысының артуы сынды факторлар әсер етеді.
— Қазіргі уақытта қала аумағында 38 бағыт болса, оның 36-сына субсидия беріліп отыр. Оның көлемі жолаушылардың ағынына, бағыт пен автобус саны сияқты бірнеше факторға байланысты. Арнайы бекітілген талап пен есептеу жүйесі бар, соған сәйкес қаржыландырылады, — деді Атырау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Алмас Сәрсенов.
Сұранысқа сәйкес 2025 жылдың ортасында қала ішінде 6 жаңа бағыт ашылды. Биыл 4 жаңа бағытты іске қосу жоспарланып отыр. Шенеуніктер алдағы уақытта тасымалға күнделікті шығатын автобус санын негізсіз қысқартып, жолаушылар тасымалының сапасына кері әсер еткен жағдайда тасымалдаушы компанияларға айыппұл салмақ.
— Белгіленген кесте бойынша автобустардың толық шығарылмауы анықталған жағдайда айыппұл санкциялары қарастырылған. Қазіргі уақытта тасымалдаушы мекемелермен жасалған келісімшарттарға өзгеріс енгізілуде, — деді Атырау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Алмас Сәрсенов.
Айта кетейік, былтыр қоғамдық көліктерді субсидиялауға 9 млрд 340 млн теңге жұмсалған. Бұл қаржы 36 бағытта қатынайтын автобустардың жұмысын қаржыландыруға жұмсалған. Айта кетейік, қазіргі уақытта 7 тасымалдаушы мекеменің 300-ден астам автобусы 38 бағыт бойынша жолаушы тасымалдайды.
Осыған дейін Атырауда автобустағы төлем жүйесінде тағы бір бәсекелес пайда болғаны жөнінде жазған едік.