Azh.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Атырау қаласының Геолог ықшамауданында ТЖМ қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен жылқыны құтқарып, аман-есен шығарып алды.
Төтенше жағдайлар департаментінің «112» пультіне шағын аудан аумағындағы құдыққа жануардың түсіп кеткені туралы дабыл келіп түскен. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар авариялық-құтқару техникасын іске қосты.
Арнайы операция нәтижесінде жануар құдықтан шығарылды. Құтқару кезінде жылқы ешқандай жарақат алмаған.
Атыраудың тұрғын үйлері мен қала маңындағы ықшамаудандарында ашық қалған және бұзылған кәріз құдықтары өзекті мәселе болып отыр. Мұндай жағдайлар тек төрт түлік малға ғана емес, жергілікті тұрғындар мен балалардың қауіпсіздігіне де тікелей қауіп төндіреді.
Видео ТЖМ
Кеше, 11:45