​Атырауда құжатсыз көлік жүргізген жүргізушілер ұсталды

21.11.2025

Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Атырауда 18-23 қараша аралығында «Қауіпсіз жол» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы жүріп жатыр.

Оның мақсаты - қоғамдық тәртіпті сақтау, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларын болдырмау, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу деректерінің алдын алу.

20 қараша күні іс-шара барысында патрульдік полиция қызметкерлері екі көлікті тоқтатты:

Haval — К. Мәденов көшесінде; Exeed — С. Бейбарыс көшесінде.

Тексеру нәтижесінде екі жүргізушінің де бұрын көлік жүргізу құқығынан айыру туралы шешім шығарылғанына қарамастан, көлік құралдарын басқарғаны анықталды.

Аталған құқықбұзушылық бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 3-бөлігі, яғни көлiк құралын басқару құқығынан айрылған жүргiзушiнiң көлiк құралын басқаруына сәйкес әкімшілік хаттамалар толтырылды. Жинақталған құжаттар Атырау қаласының мамандандырылған сотына жіберілді. 

Құқық қорғау органдарының өкілдері тиісті құқығы жоқ бола тұра көлік жүргізу жол қозғалысына қатысушылардың барлығының қауіпсіздігіне елеулі қатер төндіретінін ескертеді. Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады және оларды бұзғаны үшін жауапкершіліктен құтыла алмайтындарын еске салды. 

Бүгін, 08:56

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью