Атырауда қызғалдақ өсіріледі

24.02.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Мұнайлы Атырауда гүл бизнесін қолға алған кәсіпкерлер көп емес. Соның бірі – Бақыт Ысқақова. Кәсіптің бұл түріне бет бұрғанына 30 жылдан асты.

Биыл жылыжайда ол 200 мың қызғалдақ өсірді. Өзінің жеке иелі­гін­дегі жылыжайдың аумағы – 3 мың шаршы метр. Қыз­ғал­дақтың тұқымын Ни­дер­ландтан алдырыпты.

«Көптен бері жылыжай ашуды ойлап жүр едім. Бір­не­ше жылдан бері гүл өсі­ремін ғой. Гүлді тек өсірумен шектелмей, сөреге дейінгі дайындығын өзім қадағалаймын. Әр істің өзіндік қиындығы болатыны секілді, гүлдің түр-түрін өсіру оңай емес. Әсіресе қызғалдақты жылыжайда өсіру үшін алдымен топырақты сапалы дайындап, температураның режімін қатаң сақтау қажет. Ұдайы күтім жасалса, қызғалдақтың түй­негі үш айдан соң көріне бас­тайды», дейді Б.Ысқақова.

Гүл өсірушінің айтуына қарағанда, биылғы аязда жылыжайдағы температураны 14-16 градус шамасында ұстау қиындық тудырыпты. Бірақ бірқалыпты жылудың нәтижесінде 200 мың қызғалдақ өсіріліпті.

«Қызғалдақты өсіру табан­ды­лық пен шыдамды­лықты қа­жет етеді. Біз 200 мың қыз­ғал­дақ­ты өзіміздің 11 сауда орнында сату мақсатында өсіріп отырмыз. Өйткені оған сұраныс бар. Дегенмен бұл – маусымдық бизнестің бір түрі. Сол себептен қызғалдақ өсірушілердің дені бұл істі бір-екі жылдан соң тастап кетеді. Ал біз мұны тұрақты әрі отбасылық кәсіпке айнал­дыр­дық», дейді ол.

Кәсіпкердің пікірінше, қызғалдаққа сұраныс 8 нау­рыз қарсаңында арта түседі. Сондықтан жылыжайда өсі­ріл­ген қызғалдақтың басым бөлігі сол кезде сатылымға шыға­ры­лады. Қазір оны өсіруге 20-дан астам адам жұмысқа тар­ты­лыпты. Дені – қыз-келін­шектер. Жылыжайдағы жұмыс тәулік бойы жалғасады. Оның кәсі­біне ұлы мен келіні қолдау көрсетіп отыр.

«Бастапқыда отбасылық кәсі­бімізге айналған гүлдің сан тү­рін шетелден тасымалдайтын едік. Кейбірін Нидер­лан­ды­дан, Беларусь пен Ресейден ал­дырдық. Бірақ жыл өткен сайын логистика мен кедендік рәсімдеуге байланысты қиын­дық туындады. Мұндай кедер­гіден соң гүлді, әсіресе қыз­ғал­дақ­ты өзіміз өсіруге шешім қабыл­дадық», дейді келіні Әйгерім Дәулетиярова.

Қазір пион гүлінің 11 500 тұқы­мына тапсырыс беріліпті. Гүл­дің бұл түрін үш жылдан ке­йін ғана сата алады. Енді жылы­жайда хризантема, раушан мен басқа гүлдерді өсіру көзде­ліпті.

«Былтыр бір тал гүлді 800 тең­геден сатқан едік. Биыл өзіміз өсірген отандық гүлдің бір данасын 700 теңгеден сатамыз. Жылыжайда өсірілген гүлдің санын көбейтіп, көрші­лес өңірлерге жіберуді мақсат етіп отырмыз», дейді Б.Ысқақова.

Атырау облысы 

Соңғы жаңалықтар

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:15

Қазақ сахнасындағы француз туындысы

Өнер • Бүгін, 08:10

Қысқы Олимпиада мәреге жетті

Олимпиада • Бүгін, 08:00

Көктемгі егіске дайындық пысықталды

Қоғам • Бүгін, 00:07

Ұлттық банк: Бизнес рубль мен доллардың ауытқуына тәуелділікті төмендетеді

Банк • Кеше

Индонезия елшісі оралдық ғалымдармен кездесті

Ғылым • Кеше

Балабақшаларда цифрлық бақылау тәжірибесі жүргізіліп жатыр

Аймақтар • Кеше

Желідегі желпіну: Жазбаны өшіру үшін ақша сұрағандар істі болды

Аймақтар • Кеше

Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары

Қазақстан • Кеше

Бурабайда шанаға отырып ағашқа соғылған қыз қайтыс болды

Оқиға • Кеше

40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді

Ауа райы • Кеше

Астанада аязға байланысты бірінші ауысымдағы оқушылар қашықтан оқуға көшірілді

Елорда • Кеше

Қазақстанның Ұлттық футбол құрамасының бапкерлер штабы анықталды

Футбол • Кеше

Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады

Елорда • Кеше

Қазақстанның бейбітшілік бастамаларындағы жаңа рөлі: Президенттің Вашингтон сапары және «орта державалар» дипломатиясының күшеюі

Қазақстан • Кеше

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью