Атырауда қызылқоғалық ерлі зайыптыны өлтірді деген күдікке сол үйдің күйеу баласы ілікті

08.01.2026

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Атырау облысында Жангелдин ауылының тұрғындарын өлтіру дерегі бойынша күдіктіге іздеу жарияланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Қылмысқа күдікті – Атырау облысы, Махамбет ауданының 29 жастағы тұрғыны Сұлтан Сәрсемалиев. Сондай-ақ өзге де тұлғалардың қатыстылығы тексеріліп жатыр. Мұны Атырау облыстық Полиция департаменті ресми растады.

Еске сала кеткен жөн, 25 желтоқсанда полицияға аталған отбасының жоғалып кеткені туралы олардың туыстары хабарласқан. Ал сейсенбі күні ерлі-зайыптылардың денесі өз үйінің сарайына көмілген күйінде табылған еді.

Баян Жанұзақова

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью