Атырауда ​Республика күні қарсаңында Жеңілдіктер түні өтеді

16.10.2025

Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

25 қазанда аталып өтетін Республика күні қарсаңында мерекеге орай Атыраудағы "Сарайшық" базарында «Жеңілдіктер түні» акциясы ұйымдастырылады.

Бұл акция 17 қазанда сағат 18:00-де басталып 23:00-ге дейін жалғасады. Бұл кеште қала тұрғындары үшін жергілікті шаруа қожалықтарының өнімдері арзан бағада ұсынылатын жәрмеңке ұйымдастырылады. 

Жәрмеңкеде көкөніс, жеміс-жидек, ет және басқа да азық түлік 15% жеңілдікпен сатылады. 

"Шараның басты мақсаты – азық-түлік пен күнделікті тұтыну тауарларын тұрғындарға қолжетімді бағамен ұсынып, жергілікті шаруа қожалықтарына қолдау көрсету", - дейді ұйымдастырушылар.  

Бүгін, 18:47

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью