Атырауда сәлемдеме байланған дрон тура түзеу мекемесіне келіп қонды

17.10.2026

Azh.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Сурет: ҚР ІІМ Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Атырауда № 15 мекеме аумағына тыйым салынған заттарды ерекше әдіспен жеткізу әрекетінің жолы кесілді. Белгісіз тұлғалар ұшқышсыз ұшу аппаратының көмегімен сотталғандарға «сәлемдеме» жеткізбек болған.

Кешкі уақытта колония аумағына келіп қонған күдікті ұшу аппаратын 5546 әскери бөлімінің әскери қызметшілері ҚАЖД қызметкерлерімен бірге байқап қалған.

Квадрокоптердің қонған орнын тексеру барысында жедел уәкілдер оған байланған түйіншекті тапты. Ішінде:

жасыл түсті, өзіндік иісі бар өсімдік тектес зат салынған 11 пакет (кептірілген марихуана болуы мүмкін);

насвай салынған 2 пакет болды.

Оқиға орнында қауіпсіздік шаралары қабылданып, «әуе сәлемдемесін» жіберушілерді анықтау және сараптама жүргізу үшін ұшқышсыз аппарат пен тәркіленген заттар жедел-тергеу тобына тапсырылды.

14 қазан, 17:36

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью