Атырауда Шағала қонақүйінен өрт шықты

03.11.2026

Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

видеодан скриншот

Облыс орталығында Қайырғали Смағұлов көшесінде орналасқан «Шағала» қонақүйінен өрт шықты. Абырой болғанда, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Бұл туралы Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Оқиға орнынан түсірілген кадрлардан бір қабатты ғимараттың отқа оранып, үстінен қою қара түтін көтерілгенін көруге болады.

ТЖД мәліметінше, өрт толық сөндірілді. Оны сөндіруге Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 қызметкері мен 9 арнайы техникасы жұмылдырылған.

Өрттің шығу себебі әзірге анықталған жоқ.

Айнұр САПАРОВА 

1 қараша, 19:53

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью