​Атырауда синтетикалық есірткі таратқан Қызылорда тұрғыны ұсталды

18.12.2025

Azh.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Атырау облысында жүргізілген «Цифрлық өткізу» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында синтетикалық есірткі таратумен айналысқан 43 жастағы Қызылорда облысының тұрғыны ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Тексеру кезінде күдіктінің иелігінен жалпы салмағы 23 грамм «Альфа-PVP» синтетикалық есірткі табылды. Қазіргі уақытта ол қамауға алынып, аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Полиция департаментінің мәліметінше, тергеу әрекеттері жалғасуда. Қылмыстық-процестік кодекстің талаптарына сәйкес қосымша ақпарат жарияланбайды.

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, күдікті сот үкімі шыққанға дейін кінәлі деп саналмайды.

Бүгін, 13:37

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью