Атырауда соқтығысып қалған көліктің біреуі өртеніп кетті

13.11.2025

Azh.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Видеодан алынған стоп-кадр

10 қарашада кешкі сағат алты шамасында Е. Бекмаханов және Қ. Наурызғалиев көшелерінің қиылысында жол апаты болды. 27 жастағы жүргізуші басқарған Mitsubishi автокөлігі екінші дәрежелі жолдан шығып, басты жолмен келе жатқан Lada Largus-пен соқтығысқан.

Соққыдан Lada жол белгісі мен электр бағанасына соғылды. Жүргізушіге сол жерде медициналық көмек көрсетілді.

ТЖД мәліметінше, көліктердің бірі өртеніп кеткен. Өртті сөндіруге 12 өрт сөндіруші және 3 техника бірлігі шықты, өрт сағат 18:36-да сөндірілді.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Бүгін, 16:27

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью