​Атырауда Т.Бигелдинов көшесі толық ашылды

17.10.2026

Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

15 қазаннан бастап Атырауда Т. Бигелдинов көшесіндегі жол көлік қозғалысы үшін толық ашылды, деп хабарлады қала әкімдігі.

Бұған дейін Атырау қаласының әкімі Данияр Таханов көшпелі кеңес барысында жол жөндеу жұмыстарының барысымен танысып, көшені дәл 15 қазанға дейін қозғалыс үшін ашуды тапсырған болатын.

Жұмыстың негізгі кезеңі аяқталып, енді автокөліктер осы көшенің бойымен еркін қатынай алады.

Сонымен қатар аумақты көркейту жұмыстары әлі де жалғасады. Алдағы уақытта мұнда жаяу жүргіншілер жолын салу, аялдама павильонын, көше жарығын орнату және басқа да абаттандыру жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @qogamdyq_damu_atyrau


Кеше, 09:29

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью