Атырауда театр қызметкерлеріне арналған 60 орындық жатақхана салынады

22.01.2026

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрының қызметкерлеріне арналған жаңа жатақхана бой көтереді. Бес қабатты заманауи ғимарат театр аумағындағы тозығы жеткен, ескі құрылыстардың орнына салынады, - деп хабарлайды Aikyn.kz Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Жатақхана цоколь және техникалық қабатты қамтитын құрылымдық үлгіде жобаланған. Астыңғы қабатта инженерлік бөлмелер орналасса, бірінші қабатта санитариялық тораптар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға бейімделген аймақтар қарастырылған.

Ал жоғарғы бөліктерде екі адамға арналған және отбасылық тұрғын бөлмелер, сондай-ақ ортақ ас үй орналастырылған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.      

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью