Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Атырауда қоғамдық көлік бағыттарының желісі кеңейту жоспарланып отыр.
Биыл қалада бірден төрт жаңа автобус бағытын іске қосу жоспарланып отыр. Негізгі мақсат – қала тұрғындарына, әсіресе халық тығыз қоныстанған шағын аудандарда тұратын азаматтарға, қолайлы әрі қолжетімді қатынас қамтамасыз ету.
Жаңа бағыттар Самал ықшамауданындағы К7 тұрғын үй кешені мен СМП-163 аумағын, Балықшы мен Жұлдыз шағын аудандарын, Геолог пен Авангард, сондай-ақ Дамба ауылдық округі мен Балықшы шағын ауданын өзара байланыстырады.
Жаңа бағыттарға Yutong, Daewoo, Ankai және ПАЗ маркалы автобустар жүреді.
Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Қайрат Қойшығали хабарлағандай, бұл бағыттар арнайы жүргізілген талдау нәтижесінде таңдалды.
«Аталған аумақтарда халық тығыз орналасқан әрі арақашықтық едәуір. Бағыттар желісін дамыту жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады. Автопарктің жаңаруы қозғалыс аралығын қысқартып, жолаушыларға қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді» – деп атап өтті ол.
Қазір Атырауда жолаушылар тасымалымен жеті көлік компаниясы айналысады. Қалаішілік қатынас 38 бағыт бойынша ұйымдастырылған, күн сайын желіге 300-ден астам автобус шығады.
Бүгін, 16:47