​Атырауда Toyota Prado ның мас жүргізушісі ұсталды

19.05.2026

Azh.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Атырау қаласында «Қауіпсіз жол» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері мас күйінде көлік жүргізген азаматты анықтады.

17 мамыр күні сағат 19:55 шамасында Өркен ықшамауданында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Toyota Prado автокөлігін тоқтатқан. 

Медициналық сараптама нәтижесінде 1994 жылы туған жүргізушінің жеңіл дәрежеде алкогольдік мас күйінде болғаны анықталды. 

Көлік арнайы тұраққа қойылды. Жүргізушіге қатысты әкімшілік материалдар жиналып, іс Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды.

Полиция департаментінің мәліметінше, биылғы жылдың басынан бері қала аумағында мас күйінде көлік жүргізудің 177 дерегі тіркелген.

Құқық қорғаушылар тұрғындарды жол ережесін қатаң сақтауға, мас күйінде рульге отырмауға және басқа қатысушылардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырды.

Бүгін, 13:42

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью