Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Атырау қаласында туристік полиция қызметкерлері Швейцария мен Германиядан келген туристерге бағыт-бағдар беріп, Қазақстан аумағында ұялы байланыс пен қауіпсіздікке қатысты маңызды мәліметтерді түсіндірді.
Туристер көрсетілген көмектен кейін ризашылықтарын білдіріп, ел туралы жылы пікірлерімен бөлісті.
«Бұл ел керемет, біз өз мемлекетімізде жарнамалайтын боламыз», – деді шетелдік қонақтар.
Туристік полицияның басты міндеті – шетелден келген азаматтарға ақпараттық қолдау көрсету, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және олардың Қазақстандағы сапарын барынша жайлы ету.
Бүгін, 14:51