Azh.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Атырау облысы полиция департаментінің бастығы Оңал Бекеев Атырау қаласындағы №2 учаскелік полиция пунктінің жұмысымен танысты.
Polisia.kz хабарлауынша, кездесу барысында учаскелік инспекторлардың күнделікті қызметі, жүктемесі және өзекті мәселелері талқыланды.
Департамент басшысы инспекторлармен ашық форматта пікір алмасып, олардың ұсыныстарын тыңдады.
Ол тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, құқық бұзушылықтардың алдын алуда және азаматтардың полицияға деген сенімін арттыруда учаскелік полиция қызметінің маңызы зор екенін атап өтті.
«Президент заң мен тәртіп мемлекет пен қоғамның басты қағидатына айналуы керектігін айқындады.
Полиция қызметі азаматтардың мүддесіне бағытталып, ашықтық пен қолжетімділік негізінде жүзеге асырылуы тиіс.
Тұрғындардың өтініш-шағымына жедел ден қою, профилактикалық жұмыстарды күшейту және сенімді диалог орнату – басты міндетіміз», – деді Оңал Бекеев.