Атырауда ВИЧ ті қасақана жұқтыру ісі бойынша күдікті екі айға қамауға алынды

25.02.2026

Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Атырау облысында ВИЧ жұқтыру ісі бойынша күдіктінің бірі екі айға қамауға алынды. Бұлтартпау шарасын сот санкциялады. 

Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді.

Оның айтуынша, тергеу жалғасып жатыр және басқа адамдардың да қатысы бар-жоғын анықтау үшін жедел-тергеу шаралары жүргізілуде.

Ол: «Біз жедел-тергеу іс-шараларын жүргізіп жатырмыз және қатысы болуы мүмкін басқа адамдарды анықтап жатырмыз», — деп атап өтті.

Атырау облыстық полиция департаменті бұған дейін 23 және 28 жастағы екі ер адамның ұсталғанын хабарлаған еді. Тергеу нұсқасына сәйкес, олар өздерінің ВИЧ-позитивті екенін білген және 2025 жылдың желтоқсанынан бері медициналық есепте тұрған. Соған қарамастан, олар транстұлға ретінде ақылы интимдік қызмет көрсетуді жалғастырған.

Бүгін, 14:30

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью