Атырауда зейнеткер балдызын пышақтап тастады

18.11.2025

Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

АЛМАТЫ, 18 қараша – Sputnik. Атырау қаласы Геолог ықшам ауданында зейнеткер балдызын пышақтап тастады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оқыс жағдай 17 қарашада болған. Отбасылық жанжал болып, 73 жастағы зейнеткер әйелге пышақ ала жүгірген.

"Жанжал салдарынан 59 жастағы әйел пышақ жарақатын алып, облыстық ауруханаға жеткізілді. Полиция қызметкерлері күдікке ілінген ер адамды жедел анықтап, ұстады. Ол жәбірленушінің туысы. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", - дейді облыстық полиция департаменті.

Қазіргі уақытта "Адам өлтіруге оқталу" бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью