Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Бір адам облыстық ауруханаға жатқызылды, тағы төртеуіне, оның ішінде балаға да, амбулаторлық түрде медициналық көмек көрсетілді.
22 маусым күні кешкі уақытта Атырауда Жайық өзенінде MAN-0468 және Dolphin ATR-0787 маркалы қайықтар соқтығысты.
Атырау облысы полиция департаментінің мәліметінше, апат шамамен сағат 23:35 кезінде болған. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға салдарынан барлығы бес адам зардап шеккен, олардың ішінде бір бала бар.
«Зардап шеккендердің біреуі облыстық ауруханаға жатқызылып, қажетті ем қабылдап жатыр. Қалғандарына медициналық көмек көрсетіліп, амбулаторлық бақылауға жіберілді. Олардың жағдайы тұрақты», - деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Полиция азаматтарды су көлігін пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
Кеше, 18:29