Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Атырау облысының Индер ауданында суға батып кеткен жасөспірімді іздестіру жұмысы жалғасып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz. облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
Оқиға 5 шілде күні Индер ауданындағы Есбол ауылында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, 2013 жылы туған жасөспірім Жайық өзенінде шомылуға тыйым салынған орында суға түсіп, батып кеткен.
– Іздестіру барысында «Наутилус-50» мобильді іздеу кешені арқылы су айдыны түбінің шамамен 1200 шаршы метр аумағы тексерілді. Сондай-ақ құтқарушылар тралдау әдісімен 1700 шаршы метрге жуық акваторияны қарап шықты, – деп мәлімдеді ТЖД баспасөз қызметі.
Іздестіру жұмысы жалғасып жатыр.