Атырауда Жангелдиндегі жаппай кісі өлтіру ісі бойынша сот жалғасуда

28.05.2026

Azh.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Бүгін, 28 мамырда Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында елді дүрліктірген Жангелдин ауылындағы бір отбасының ісі бойынша басты сот талқылауы жалғасты.

Сағат 10-да болады деген сот 30 минут кешігіп басталды. Бұрынғы әйелінің төрт туысын өлтірді деп айыпталып отырған 30 жастағы Сұлтан Сәрсемалиевты айдауылдар 10.30-да залға әкелді. Осыдан соң судья Зарема Хамидуллина сот залына кіріп келді. 

Судья Зарема Хамидуллина

Залда тыңдаушы болып келген жәбірленуші тарап туыстарының бірі сот талқылауы басталмай тұрғанда бүгін Сәрсемалиевтың бұрынғы әйелі Ақбаян Мұқанғалиеваның әкесі, марқұм Мақсот Қарабалиннің туған күні екенін айтты. 

Судья Хамидуллина айыпталушыға қылмыстық іс жүргізу кодексінің талаптарына сай конституциялық құқықтарын түсіндірді. 

Бұдан бұрын хабарланғандай, 18 мамыр күні алдын ала сот отырысында айыпталу актісі оқылған. Прокуратураның мәліметі бойынша, Сәрсемалиевке адам өлтіру, алаяқтық, ұрлық және құжаттарды заңсыз алып қою баптары бойынша қылмыстық кодекстің 13 бабы бойынша айып тағылған. 

Тергеу болжамы бойынша, алғашқы қылмыс 2025 жылы болған, кейін бірнеше ай өткен соң тағы үш адам қаза тапқан.  

Сәрсемалиев пен Мұқанғалиева 2022 жылы мінездеріміз жараспады деп заңды түрде ажырасқан. Арада бес бала бар. Олар қазір балалар үйінде. 

Сотта Сәрсемалиевтың құқығын екі адвокат қорғайтыны және оған 2 млн теңге үстінде азаматтық талап-арыз түскені де айтылды.

Ақпарат құралдарының жазуынша, Сәрсемәлиев сотта алқабилер сотынан бас тартқан. Психологиялық-психиатриялық сараптама оның есі дұрыс екенін анықтаған.

Мемлекеттік айыптаушы Мирас Бауыржанов айыптау актісін қайтадан оқи бастады.

Бұған дейін айыпталушы алқабилерден бас тартқан болатын. Жүргізілген психологиялық-психиатриялық сараптама оның есі дұрыс екенін анықтады.

Сот процесі жалғасуда.

Айнұр САПАРОВА

Суреттер мен видеоны түсірген автор

Бүгін, 11:33

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью