Атырауда жасанды интелектінің көмегімен 209 құқық бұзушы анықталды | Qazaq24.com
Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Атырау қаласында жасанды интеллект элементтері бар 75 бейнебақылау камерасы жұмыс істейді.
Камералар адамдар көп жиналатын аялдамаларға, әуежайға, теміржол вокзалы мен автовокзал аумағына орнатылған.
Атырау облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Жәкей Иманқұловтың айтуынша, бейнеталдау жүйесі тиімділігін дәлелдеген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Фото: ашық дереккөз «Бұл жүйе адамдардың жүзін танып, агрессивті мінез-құлықты, тұрғындардың шамадан тыс жиналуын, өзге де күмәнді жағдайларды автоматты түрде тіркейді.
Мұндай жайт анықталған сәтте жүйе жедел қызметтерге бірден дабыл белгісін жібереді.
Аталған жүйеге іздеудегі, есептегі тұлғалардың фотосуреттері енгізілген.
Камера обьективіне ілінген адамдар бет пішіні арқылы сәйкестендіріліп, жедел басқару орталығына хабар түседі», дейді Жәкей Иманқұлов.
Читать полностью
Читать новость