Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Қазір өңірде «Заң мен тәртіп» қағидатын жүзеге асыру мақсатында таргетай жобасы жұмыс істейді.
Цифрлық жүйеге негізделген бейне-камералар адамдар көп шоғырланатын қоғамдық орындарға орнатылған.
Егер жасанды интеллект күдіктіні анықтаса, жедел басқару орталығына автоматты түрде дабыл береді.
«Күдіктілерді дереу қолға түсіріп, қоғамдық қауіпсіздікті қадағалауда, цифрлық жүйенің маңызы зор», - дейді тәртіп сақшылар.
Мөлдір Таңатарқызы, облыстық ПД Жедел басқару орталығының бейнебақылау инспекторы: - Егер іздеуде жүрген немесе күдікті адам бары анықталатын болса, монитордың оң жағында автоматты түрде шығарылады.
Кейін жеке басын анықтап, қосымша мамандарға жолдаймыз. Жанат Рахметова, облыстық ПД Жедел басқару орталығы бастығының міндетін атқарушы: -
2025 жылдың 11 айында 222 күдікті тұлға бойынша дабыл соғылған.