Атырауда жаяу жүргіншілерге арналған батырмалы бағдаршамдар іске қосылмақ

11.02.2026

Azh.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Қаладағы «Дина», «Атырау», «Тамаша» және «Киви» сауда орталықтарының маңындағы жолдарда енді жасыл сигналды жаяу жүргіншілер арнайы түймені басу арқылы қосады.

Бұл жүйе ірі қалаларда кеңінен қолданылады. Артықшылығы — бағдаршамның қызыл сигналы тек жаяу жүргінші батырманы басқанда ғана қосылады. Осылайша көлік қозғалысы қажетсіз тоқтамай, кептелістердің алдын алуға мүмкіндік береді, – деп хабарлады Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Қасым Қасаевтың айтуынша, батырмалар орнатылғанымен, оларды іске қосу бойынша техникалық жұмыстар әлі жүргізілуде. Жоба сәтті жүзеге асса, адам көп жүретін басқа аумақтарға да осындай құрылғылар қойылады.

Жаңа технология жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін арттырып қана қоймай, қаладағы қозғалысты тиімді реттеуге ықпал етеді. Әсіресе балаларға, қарттарға және көру қабілеті төмен азаматтарға қолайлы шешім болмақ.

Бүгін, 13:01

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью