Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Бүгінде Жем өзеніндегі су деңгейі — 161 см, ал қалыпты деңгей – 130 см. Жылыой ауданы әкімінің сөзінше, тасқын қаупі артта қалды.
- 1993 жылы Құлсары қаласы су астында қалды. Ол кезде тасқын сәуір айының 17-18-інде болған. Ал 2024 жылы өр суы наурыз айының соңынан бастап сәуір айының 8-іне дейін жалғасты. Қазір судың деңгейіне қарап отырмыз. Ақтөбе облысындағы әріптестерімізбен байланыстамыз. Ол жақта судың көтерілуі жоқ. Себебі, түскен қар еріген. Өзіміз Мұғалжар ауданына барып, таудың етегінде болып, қардың деңгейін қарап келдік, - деді аудан басшысы Жұмабек Қаражанов.
Қазіргі уақытта өзенге келіп жатқан су жаңадан салынған шлюздер арқылы реттелуде. Жем өзеніндегі жаңа нысан Құрсай арнасындағы су ағынын қалыпты ұстауға мүмкіндік береді. Шлюздің Жем өзеніндегі су өткізу қабілеті секундына 10 текше метр болса, Құрсай өзегіндегі су өткізу қабілеті секундына 13,5 терше метр. Бұл гидрологиялық нысан «Табиғат» мемлекеттік мекемесінің балансына тапсырылады.
– Қазір негізгі міндеттердің бірі – Қамыскөл көлін толтыру.Тасқыннан кейін Бақашыдағы шлюз толықтай жабылды. Өйткені, жөндеу жұмысы жүргізілді. Құрсай каналы тереңдетілді. Жем аудан аумағында Ұлы Жем және Құрсай каналы болып екіге бөлінеді. Құрсай каналы арқылы Қамыскөлді толтырамыз. Қамыскөлден кейін Сарқырауық қаналы арқылы Тасшағылға барып, Ұлы Жеммен байланысады. Кейін Каспий теңізіне құяды. Бақашының басында канал болды. Ол 2024 жылғы тасқынға қарсы тұра алмады. Әлсіз болды. Сондықтан қосымша ғылыми зерттеу институттарын шақырып, зерттеу жүргіздік. Орнатылған шлюздер Құрсай мен Ұлы Жемге жіберілетін суды реттеп отырады,-деп толықтырды Жылыой ауданының әкімі Жұмабек Қаражанов.
Жалпы Жем өзенінің және Құрсай өзектерінің түп-тереңдету және жаға бекіту жұмысы 2024 жылдың тамыз айынан бастап жүргізілді. Жоба бойынша түп-тереңдету жұмыстарының жалпы ұзындығы 95,3 шақырымды құрап, толық аяқталды. Аудан бойынша 68,4 шақырым бөгет нығайтылған.
- 1993 жылы Құлсары қаласы су астында қалды. Ол кезде тасқын сәуір айының 17-18-інде болған. Ал 2024 жылы өр суы наурыз айының соңынан бастап сәуір айының 8-іне дейін жалғасты. Қазір судың деңгейіне қарап отырмыз. Ақтөбе облысындағы әріптестерімізбен сөйлесіп отырмыз. Ол жақта судың көтерілуі жоқ. Себебі, түскен қар еріген. Өзіміз Мұғалжар ауданына барып, таудың етегінде болып, қардың деңгейін қарап келдік,-деп толықтырды Жұмабек Қаражанов.
Бұған дейін Қазақстанда су тасқынының келесі кезеңі мамыр айының ортасы мен соңына қарай болжанып отырғанын жазған едік.