Атырауда жеңіл көлік пойызға соқтығысты

17.03.2026

Azh.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

17 наурызда түнгі сағат 00:20 шамасында Атырау-Дамбы жолындағы жанар-жағармай бекеті маңында орналасқан теміржол өткелінде жол-көлік апаты орын алды. 

Атырау облысы полиция департаментінің мәліметі бойынша, Volkswagen Passat маркалы автокөлік тепловозбен соқтығысқан. Көліктің жүргізушісі 2000 жылы туған азамат.  

Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Қазір тиісті іс-құжаттар жинақталып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. 

Айнұр САПАРОВА

Бүгін, 10:51

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью