Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Министрліктің ақпаратына сүйенсек, Сұлтан Сарсемалиев ұсталғаннан кейін қылмысын мойындап, тергеу тобы оның көрсетуі бойынша қайтадан тергеу әрекеттерін жүргізген. Нәтижесінде Атырау қаласындағы үйдің ауласынан бұрын хабар-ошарсыз кеткен ұл мен қыздың мәйіті табылды.
– Төрт адамды өлтіруге ұзақ уақытқа созылған тұрмыстық жанжалдар себеп болған. Тергеу екі немесе одан да көп адамды өлтіру бабы бойынша жүргізілуде және министрліктің бақылауында, - деді ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.
Қазіргі уақытта мүрделер Атырау облысы бойынша сот сараптамалар институтында. Марқұмдардың жақындары Мейрамгүл Қарабалина мен Наурыз Мұқанғалиевтің аман-есен табылатынынан үміт болғанын жасырмады. Енді сүйектерді Жангелдин ауылына жерлемек.
– 9 наурыз күні 17:00 шамасында құқық қорғау органдарының өкілдері хабарласып, Мейрамгүл мен Наурыздың денесі табылғанын айтты. Моргке тапсырылды деді.Мұндағы қызметкерлердің тексерісі кешке дейін аяқталса сүйекті береміз дегендей болды.Естігенде оңай тиген жоқ. Бәлкім тірі шығар деген үміт болған. Алайда суық хабарды естідік. Бауырларымызды аға-жеңгеміздің қасына жерлейтін боламыз, - деді туысы Шалқар Мұқанғалиев.
Шалқар Мұқанғалиевтің айтуынша, Ақбаян Мұқанғалиева психикалық ауруханаға жатқызылған. Полиция тергеу амалдары жалғасып, ерекше бақылауда тұрғанын мәлімдеді. Сондай-ақ отбасының кенже қызының бұл іске қатысы бар-жоғы тексерілуде. Оның психикалық жағдайын анықтау қажеттілігіне байланысты сот-психиатриялық сараптама жүргізу үшін медициналық ұйымға жіберілген.
Сұлтан Сарсемалиев пен оның бұрынғы жұбайы, марқұмдардың қызы Ақбаян Мұқанғалиева кеше Атырау қаласына жеткізілген еді. Олар Алматы-Атырау бағытымен ұшып келген.
Күдіктілер ақпан айының соңында Индонезия Республикасының Ломбок аралындағы Сенару ауылында аса ауыр қылмыс жасады деп күдікке ілінгендер ұсталған еді.
Еске салсақ, Жангелдин ауылында тұратын отбасы 2025 жылдың соңына белгісіз жағдайда жоғалып кеткен еді.
6 қаңтарда Атырау облысы аумағынан жоғалған отбасының екі мүшесінің — отағасы Мақсот Қарабалин мен оның жұбайы Нәсіп Өтешқалиеваның денесі сарайдан табылды. Кейін олардың денелерінде пышақ іздері бары белгілі болды.
9 қаңтарда Атырау облысында отбасы мүшелерін өлтірді деген күдікке ілінген марқұмдардың күйеу баласы Сұлтан Сарсемалиев екені ресми түрде белгілі болды.
Сондай ақ жоғалған отбасы туралы тың деректерді әлеуметтік желі арқылы таратқан хакерге халықаралық іздеу жарияланған еді.
Ақпан айының басында күдіктің 5 баласы мемлекет қамқорлығына алынды.
Қанды қылмысқа қатысы болуы мүмкін деген күдікке сол үйдің қызы да ілінді.
Екі күдіктінің шетелде қалай ұсталғаны жөнінде видео жарияланды.