Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Атырау облысы Қызылқоға ауданына қарасты Жангелдин ауылында 2025 жылғы 25 желтоқсанда хабар-ошарсыз жоғалып кеткен бір отбасының төрт мүшесіне қатысты қылмыстық істі тергеу жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Фото: Gov.kz Өңірдің бас полицейі Оңал Бекиев жедел кеңес өткізіп, онда тергеу барысы мен құқық қорғау органдарының алдағы әрекеттері талқыланды.
«Кеңес барысында жүргізіліп жатқан жедел-іздестіру шараларының нәтижелері тыңдалып, тергеудің негізгі бағыттары айқындалды.
Департамент басшысы қылмыстық істі қатаң заң талаптарына сай, жан-жақты әрі объективті тергеуді қамтамасыз етуді, келіп түсетін әрбір жедел ақпаратты мұқият және уақтылы тексеру қажеттігін атап өтті», делінген полицияның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс Атырау облысы полиция департаментінің ерекше бақылауында.
Жедел-іздестіру және тергеу шаралары тәулік бойы жүргізіліп жатыр.
Еске сала кетейік, бір айдан астам уақыт бұрын өңірдің төрт тұрғыны хабар-ошарсыз кеткен.