Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Прокуратура мәліметінше, полиция департаменті Тергеу басқармасының өндірісінде Қылмыстық кодекстің 190-бабы (алаяқтық) бойынша бірнеше қылмыстық іс тергеліп жатыр. Тергеу дерегіне сәйкес, күдікті Ж.Н. түрлі сылтауларды алға тартып, азаматтардың ақшасын иемденген.
- Ол өзін инвестиция салуға мүмкіндік барын айтып, IT саласында оқыту, бұғатталған аккаунттарды ашып беру, қаражатты шығарып алуға көмектесу және техника сату сияқты қызметтерді ұсынып, жәбірленушілердің сеніміне кірген. Осылайша, бірнеше эпизод бойынша келтірілген жалпы шығын көлемі 13,7 млн теңгеден асқан, - деп мәлімдеді облыс прокуратурасының баспасөз қызметі.
2026 жылғы 9 қаңтарда Атырау қаласының мамандандырылған тергеу соты күдікті Ж.Н.-ға қатысты сырттай қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Сол күні ол халықаралық іздеуге жарияланды.
2026 жылғы 19 ақпанда Интерполдың Ұлттық орталық бюросының мәліметіне сәйкес, күдікті Түркияның Самсун қаласында ұсталды.
Қазір Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы күдіктіні Қазақстанға экстрадициялау туралы сұрау салу жіберу үшін тиісті өтініш жолдаған.
Бұған дейін Атырауда жоғалған отбасының ұл-қызының мүрдесінен үшкір заттың іздері байқалғанын жазған едік.