Атырауда жұмыртқа қанша тұрады

18.03.2026

Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Атыраудағы орталық базарда жұмыс істейтін саудагерлердің сөзінше, жұмыртқа бағасы бір айдың ішінде күрт өскен. Сатушы Анар Сандашованың айтуынша, көтерме жеткізушілер жұмыртқаны 72 теңгеден әкеледі. Дүкендер оны 75 теңгеден сатуға мәжбүр. Оның сөзінше, күніне небәрі 5-6 қорап қана өнім сатылады. Бұған дейін нарықта болған Ресейден келетін импорттық өнімнің азаюы тапшылыққа, сәйкесінше бағаға әсер етіп отыр.

– Қазір Ресейден жұмыртқа келмейді. Сондықтан негізінен Қазақстанда өндірілген өнімдерді сатып отырмыз. Бірақ оның өзі жеткіліксіз. Былтыр баға 67 теңгеге дейін көтерілген еді. Жазда 40-қа дейін төмен түсті, – дейді сатушы.

Ресми статистикаға сүйенсек, өңірде жұмыртқа бағасы бір жыл ішінде 14,7 пайызға өскен. Мұны облыстың статист мамандары айтып отыр. Ал қала әкімдігі бағаның өсуін маусымдық құбылыспен байланыстырады. Мамандардың түсіндіруінше, бұл кезеңде құс фабрикаларында өндіріс көлемі төмендейді.

– Жұмыртқаның бағасы жыл сайын ақпан айында өседі. Өйткені, құс фабрикаларында өндіріс көлемі азаяды. Бірінші өздері орналасқан аумақты қамтиды. Содан кейін ғана басқа өңірге сауда-саттыққа шығарады. Қазіргі уақытта Атырауда «Дәулет құс» компаниясы бар. Бұл фабрика сұраныстың 40 пайызын жабады. Ал қалған 60 пайызы басқа өңірлерден әкелінеді. Өзімізден шыққан жұмыртқаның С0 санаты 65, С1 62 теңгеден,-деді Атырау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары Алтынай Сәрсенова.

Өңірге жұмыртқа Ақтөбе, Орал, Павлодар, Көкшетау және Қостанай қалаларынан тасымалданып отыр. Жұмыртқа әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің қатарында болғандықтан сатушылар өздері сатып алған құнға 15 пайыз қоса алады. Жеткізушілер алдымен өнімді өңірлерден сатып алып, өз үстемесін қосады. Одан кейін ғана сауда орындарына жеткізеді. Бұған тасымал шығындары да әсер етеді. Жыл сайын осы кезеңде баға өсімі байқалады.

Бұған дейін елімізде картоп экспорты жалғасады, жұмыртқа импорты уақытша тоқтайтынын жазған едік.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью