Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында азамат А.-ға қатысты іс қаралды.
2026 жылғы 10 мамырда сағат 21:10 шамасында Г. Бергалиев көшесінде «Toyota Camry» көлігін тоқтатқан полиция қызметкерлері жүргізушіні алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйін анықтау үшін медициналық куәландырудан өтуді талап еткен. Алайда ол заңды талапты орындаудан бас тартқан.
Сотта оның кінәсі хаттамалармен және бейнежазбамен дәлелденді. ӘҚБтК‑нің 613-бабының 4-бөлігіне сәйкес, бұл әрекет үшін 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу және 8 жылға көлік жүргізу құқығынан айыру жазасы қарастырылған.
Сот шешімімен азамат А. кінәлі деп танылып, аталған жазаға тартылды.
Қаулы заңды күшіне енді.
Бүгін, 17:31