Атырауда жүргізушілер полициясыз сақтандыруды рәсімдей бастады

30.01.2026

Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Атырауда жүргізушілер ұсақ жол-көлік оқиғаларын енді полициясыз және сотқа жүгінбей-ақ тіркей алады. Жыл басынан бері «Еурохаттама» мобильді қосымшасы арқылы 35 жол апаты ресми тіркелді, деп хабарлады Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Қала полициясының аға инспекторы А. Шодымовтың айтуынша, қосымшаға апат орнындағы фото және бейнематериалдар жүктеліп, арыз тікелей сақтандыру компаниясына жолданады.

Бұл жүйе екі көлік қатысқан, сақтандыру полисі бар және зардап шеккендер жоқ жағдайларда қолданылады. Залал мөлшері 100 АЕК-тен аспауы тиіс.

Еурохаттаманың басты артықшылығы — жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды, ал сақтандыру төлемдері бұрынғыдай 30–90 күн емес, небәрі 5 күн ішінде жүзеге асады.

Бүгін, 15:46

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью