Атырауда жүргізушілердің жол үстіндегі жанжалы күтпеген жағдаймен аяқталды

24.11.2025

Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Атырауда жол үстіндегі тосын жағдайға байланысты бұзақылық бабымен қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Атырауда жол үстіндегі тосын жағдайға байланысты бұзақылық бабымен қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мән-жайы

17 қарашада сағат 09:50 шамасында М.Баймұханов көшесі бойында Hyundai маркалы көліктің 24 жастағы жүргізушісі мен Toyota көлігінің 38 жастағы жүргізушісі бір-біріне жол бермей, келіспеушілік туындаған. Осылайша 38 жастағы жүргізушінің қолы сынған.

Полиция пікірі

"Hyundai жүргізушісі №2 қалалық полиция бөлімінің жедел тергеу тобына жеткізілді. Оған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi жоқ немесе пайдалануға тыйым салынғаннан кейiн немесе белгiленген тәртiппен тiркелмеген көлiкті басқару, міндетті сақтандыру шартын жасамауы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Көлік арнайы тұраққа қойылды", - деді Атырау облысы ПД өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью