Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
АЛМАТЫ, 11 қазан - Sputnik. Атырауда кәсіпкерді бопсалады деген күдікпен журналист ұсталды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
36 жастағы журналист жеке кәсіпорын басшысынан компания қызметіне қатысты бейнематериалды таратпау үшін 10 миллион теңге талап етті деген күдікпен ұсталды.
"Ақшаның бір бөлігі — 4 миллион теңге — делдал арқылы берілген. Ол қаладағы қонақүйлердің бірінде қолға түсті", - дейді ведомство.
Қылмыстық кодекстің 194-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.