Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Атырау облыстық ТЖД мәліметінше, көліктің өртенуіне техникалық ақаулар,сымдарының қысқа тұйықталуы және өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталмауы себеп болған.
Мамандардың айтуынша, көлік өрттері көбіне қозғалтқыш бөлігінде немесе электр жүйесінде туындайды. Әсіресе, уақытылы техникалық тексерістен өтпеген және ақауы бар автокөліктерде өрт шығу қаупі жоғары.
Фото: Атырау облыстық ТЖД Фото: Атырау облыстық ТЖД– Жүргізушілерге көлікті дер кезінде тексерістен өткізіп, қауіпсіздік талаптарын сақтауды қатаң ескертеміз. Электр сымдарына үнемі назар аударып, жанармай жүйесін бақылауда ұстау керектігін еске саламыз. Әрбір автокөлікте өрт сөндіргіш құрал болуы міндетті, - деп мәлімдеді ТЖД баспасөз қызметі.
Бұған дейін Қазақстанда көлікті техникалық байқаудан өткізу қызметі қанша екенін жазған едік.