24.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Атырауда жыл басынан бері киберқылмысқа қатысты 90 іс тіркелді. Бұл алаңдатарлық жағдай, - дейді құқыққорғаушылар.
Былтыр 1426 тұрғын интернет-алаяққа алданып қалған. Жәбірленушілерге 1 млрд теңгеден астам шығын келді. Бұл туралы қалалық прокуратура өкілдері мәлімдеді. Прокурорлардың айтуынша, студенттер мен қариялар жиі алданады. Сондықтан олардың құқықтық сауатын арттырып, қылмыстың алдын алу маңызды, - дейді.
Бақытгүл Бақұлова, қалалық Прокуратураның бөлім прокуроры:
- Кездесудің негізгі мақсаты – интернет алаяқтықтың негізгі айла тәсілдері, оларға алданбау жолдары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Әсіресе «ҚазАтомПром» сияқты компаниялардың атауларын пайдаланып, жалған инвестициялық жобаларды өткізуде. Соған ерекше көңіл бөлініп, назар аударылуда.