Атыраудағы бұрынғы салтанат сарайының тағдыры не болмақ

28.02.2026

Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Нақтырақ айтқанда, жер асты сулары деңгейінің жоғарылауы, сондай-ақ ғимараттың сенімділігі, орнықтылығы және қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ету мақсатында конструктивтік өзгерістер енгізу қажеттілігі туындаған. Қазіргі уақытта нысан бекітілген сметалық құнын өзгертпей жобалау-сметалық құжаттаманы түзету кезеңінде тұр.

Фото: Нұрбибі Теміртасова/Kazinform

- Мұса Баймұханов көшесінде орналасқан нысанды Д. Нұрпейісова атындағы қазақ халық аспаптары академиялық оркестрінің ғимаратына бейімдеп қайта жаңғырту жобасына «Декор» ЖШС жауапты. Құрылыс-монтаж жұмыстары 2024 жылғы 22 сәуірде басталды.Қолданыстағы заңнамаға сәйкес барлық қажетті жобалау және келісу рәсімі жүргізілуде. Жобалау-сметалық құжаттамаға түзетулер енгізу үшін сараптамаға жолданды,-деп мәлімдеді облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы.

2024 жылдың жазында нысанның артқы бөлігі және аумағындағы қосымша ғимараттар толықтай бұзылды. Бірнеше айдан кейін құрылыс аумағында жұмыс тоқтап қалды. Жоспар бойынша жаңғырту жұмысы 2024 жылдың қараша айында аяқталуы тиіс еді.

Фото: Нұрбибі Теміртасова/Kazinform

Алғашындағы жоба бойынша бұзылған бөліктің орнына концерт залы , ғимараттың бұзылмайтын негізгі бөлігінің іргетасы нығайтылып, қабырғасы қапталуы қажет еді . Жалпы негізгі бөлікте бірнеше кабинет, нысан ауласында кір жуатын орын мен жөндеу шеберханасы орналасатын ғимарат салынуы керек. Жалпы ғимараттың көлемі 1284 шаршы метрді құрайды.

Жоспар бойынша түзетулер енгізілген жобалық-сметалық құжат сараптамадан өткеннен кейін құрылыс жұмысы жанданып, 7 ай ішінде аяқталуы керек.

Фото: Нұрбибі Теміртасова/Kazinform

Әкімдік бұл ғимаратты реконструкциядан өткізгеннен кейін Д.Нұрпейісова атындағы академиялық қазақ халық аспаптар оркестріне бермек. Өйткені, аталған өнер ұжымының әкімшілік қызметкерлері Ғабдол Сланов атындағы атырау облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында отырса, шығармашылық құрам облыстық халық шығармашылығы орталығының ғимаратында жұмыс істейді.

Айта кетейік, 1955 жылы салынған ғимарат Атырау облысы бойынша тарихи-мәдени мұра объектілерінің алдын-ала есепке алу тізіміне енген.

Фото: Нұрбибі Теміртасова/Kazinform

Бұған дейін Атырау қаласындағы «Бірлік-2» ықшам ауданында 600 орындық мектептің құрылысы 2 жылдан бері тоқтап тұрғанын жазған едік

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью