Атыраудағы Digital Nauryz: дәстүр мен технология тоғысы

22.03.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Исатай мен Махамбет атындағы алаңда үш тақырыпта киіз үй тігіліп, қонақтар бірегей цифрлық тәжірибелермен танысты. Атап айтқанда, мерекеге келгендер арнайы цифрлық киіз үйде орнатылған жасанды интеллект көмегімен ата-бабалардың ақ батасын алып, бір сәтке олардың асқақ рухы мен айбынын сезіне алды.

Фото: Атырау облысы әкімдігі

Келесі киіз үйде қонақтар қазақтың ұлттық киімдерін виртуалды түрде киіп көруге мүмкіндік алды. Ал үшінші киіз үйде еліміздің мәдениеті, дәстүрлері мен жетістіктері жөнінде бейнероликтер көрсетілді.

Фото: Атырау облысы әкімдігі Фото: Атырау облысы әкімдігі Фото: Атырау облысы әкімдігі

Бұған қоса, алаңда алты интерактивті панель орнатылып, жұртшылық цифрлық жобалар мен инновациялық шешімдер жөнінде ақпарат алды. Сондай-ақ көрермендер «Алақан» жобасымен танысып, «Роботтар шайқасы» шоуын тамашалады.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью