Azh.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Атырауда бірнеше күнге созылған шаңды дауылдан кейін жауған жаңбыр қала тұрғындарының көліктері мен киімдерінде құм түстес із қалдырды.
Әлеуметтік желілерде бұл ерекше құбылыс қызу талқыланып, кейбіреулер жаңбыр тамшыларының дәмі тұзды болғанын жазды.
Әкімдіктің хабарлауынша, жауыннан кейін мамандар жаңбыр суынан сынама алып, қазір зертханалық химиялық талдау жүргізіп жатыр.
«Нәтижелер қосымша хабарланады», – деп мәлімдеді ведомство.
Бүгін, 13:41