Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Атырау облысында төрт адамнан тұратын отбасын өлтіру дерегі бойынша басты сот талқылауы өтетін күн белгілі болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Атырау облысында төрт адамнан тұратын отбасын өлтіру дерегі бойынша басты сот талқылауы өтетін күн белгілі болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
18 мамырда Атырауда бұрынғы әйелінің туыстарын - оның ата-анасын, ағасы мен әпкесін аяусыз өлтірді деп айыпталған Сұлтан Сәрсемалиевке қатысты алдын ала сот отырысы өтті.
Шулы істі бұған дейін Яна Легкодимованың өліміне қатысты резонансты іс бойынша үкім шығарған судья Зарема Хамидуллина қарайды.
Сот залынан фото Tengrinews.kz: Әлімжан Аманжол
Судья Сұлтан Сәрсемалиевтің бірнеше бап бойынша: кісі өлтіру, ұрлық, құжаттарды заңсыз иемдену және алаяқтық бойынша айыпталып жатқанын хабарлады.
Ол сондай-ақ іс жүргізуді тоқтата тұруға негіз болатын мән-жайлардың анықталмағанын мәлімдеді. Алдын ала тыңдау барысында сот құрамына наразылық білдіру (отвод) туралы өтініштер түскен жоқ.
ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР
Медалін шешуді ұмытып кеткен қазақстандық спортшы әуежайда қызық жағдайға тап болды
29 сәуір 08:10 1
Қазақстанның Халық жазушысы Мұхтар Шаханов өмірден өтті
19 сәуір 22:47 1
Қызылордада тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын дамыту тақырыбында форум өтті
12 мамыр 22:48 2
"Алдын ала тыңдау барысында сотталушы Сәрсемалиев істі алқабилердің қатысуымен қараудан бас тартты. Процеске қатысушылардан өтініштер мен шағымдар түскен жоқ. Тараптар басты сот талқылауын тағайындау туралы өтініш білдірді", - деді судья Зарема Хамидуллина.
Сот залынан фото Tengrinews.kz: Әлімжан Аманжол
Сұлтан Сәрсемалиевке қатысты қылмыстық іс бойынша басты сот талқылауы 28 мамырға белгіленді, ол ашық режимде өтеді.
Айта кетейік, 18 мамырдағы отырыста прокурор Мирас Бауыржанов айыптау актісін оқыды. Онда сотталушының бұрынғы әйелінің туған ағасы Наурыз Мұқанғалиев пен әкесі Мақсот Қарабалиннің өліміне әкеп соққан жанжалдың мән-жайы егжей-тегжейлі баяндалған.
Осы мәліметтерді жариялау кезінде камера сотталушыны түсіріп қалды. Ол прокурорды ешқандай қобалжусыз тыңдап отырды, тіпті бір сәтте оның жүзінен күлкіге ұқсас нышан байқалды.
Айыпталушы Сәрсемалиев алқабилер сотынан бас тартып, мұндай форматтағы талқылаудың ерекшеліктерін түсінетінін және оны қолданудың қажеттілігін көрмейтінін растады. Ол бас тарту себебін нақтыламады, тек бұған "мұқтаждық жоқ" екенін айтты.
Адам өлтіру, ұрлық және алаяқтық: күдіктіге қандай айып тағылып отыр?Сұлтан Сәрсемалиевке Қылмыстық кодекстің бірден үш бабы бойынша айып тағылған:
99-баптың 2-бөлігі 1 және 13-тармақтары "Екі немесе одан да көп адамды өлтіру"; 188-баптың 2-бөлігі "Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған ұрлық"; 190-бап "Алаяқтық".Прокуратура мәліметінше, ұрлық пен алаяқтық эпизодтары қаза тапқандардың жеке заттарын жымқыру және олардың малын заңсыз сату фактілерімен байланысты.
Сәрсемалиевтің әйелі Ақбаян Мұқанғалиева күдікті деп танылған жоқАтырау облысы прокуратурасының баспасөз қызметі мәліметінше, қазіргі уақытта аталған қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталып, іс сотқа жолданған.
"А. Мұқанғалиеваға қатысты тағайындалған сот-психологиялық-психиатриялық сараптаманың қорытындысы шығуы керек. Сараптама қорытындысы тергеу органына ресми түрде түскеннен кейін оған тиісті процестік құқықтық баға беріледі. Аталған қылмыстық құқық бұзушылықтарды С. Сәрсемалиев жеке өзі жасаған. Бұл қылмысты жасауға өзге адамдардың қатысы бар екені туралы деректер анықталған жоқ", - деп хабарлады прокуратура.
Ақбаян Мұқанғалиеваның отбасы мүшелерінің өліміне қатысы болмауына байланысты оған қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылған.
Отбасының өліміне қатысты іс"Қылмыс туралы хабарламау дерегі бойынша бөлек іс жүргізу аясында соталды тергеп-тексеру жүріп жатыр", - деп толықтырды прокуратура өкілдері.
Атырау облысы Жангелдин ауылындағы бір отбасының жаппай өлтірілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр. 2025 жылғы желтоқсанда туыстары зейнеткер ерлі-зайыпты мен олардың ересек балаларының жоғалып кеткені туралы хабарлаған.
Сол кездегі мәлімет бойынша, отбасы үйден белгісіз бағытқа шығып кетіп, содан бері олардың қайда екені белгісіз болған.
Фото: полицияның баспасөз қызметіІздеуде төрт ересек адам болды:
66 жастағы Мақсот Қарабалин; 64 жастағы Нәсіп Өтешқалиева; 35 жастағы қызы Мейрамгүл Қарабалина; 32 жастағы ұлы Наурыз Мұқанғалиев. Әкесі мен анасының денесі қайдан табылды?Кейін, 6 қаңтарда Жангелдин ауылында зейнеткер ерлі-зайыптының денесі табылды. Полиция мәйіттердің үй ауласындағы шаруашылық құрылыс астынан табылғанын хабарлады.
Ерлі-зайыптыны жерлеу рәсімінен кейін бірден, 8 қаңтарда полиция іс бойынша негізгі күдіктіні жариялады. Ол отбасының 29 жастағы күйеу баласы Сұлтан Сәрсемалиев болып шықты. Оның отбасының кенже қызы Ақбаян Мұқанғалиевамен бірге елден кетіп қалғаны анықталды.
Ер адамға халықаралық іздеу жарияланды.
Күдіктілер Индонезияда ұсталды24 ақпанда Сәрсемалиев пен Мұқанғалиева Индонезияның Сенару ауылындағы қонақүйлердің бірінде ұсталды.
Келесі күні, 25 ақпанда ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Ақбаян Мұқанғалиеваның да іс бойынша күдікті деп танылғанын хабарлады.
Наурыз бен Мейрамгүлдің денелері қайдан табылды?9 наурызда кешке күдікті ерлі-зайыптының Алматыға экстрадицияланғаны белгілі болды. Сәрсемалиев Наурыз Мұқанғалиев пен Мейрамгүл Қарабалинаны өлтіргенін мойындап, олардың көмілген жерін көрсетті.
Ағалы-қарындастың мәйіттері Атырау іргесіндегі Геолог шағынауданынан табылды. Олар негізгі күдікті бұрын жалдап тұрған үйдің ауласына көмілген.
11 наурызда Қызылқоға ауданы Жангелдин ауылында Наурыз бен Мейрамгүлді жерлеу рәсімі өтті.
Фотоны дереккөз арнайы Tengrinews.kz үшін ұсындыСол кезде қаза тапқан отбасының жақындары редакция тілшісіне Ақбаян Мұқанғалиеваның Атыраудағы психиатриялық мекемеге жіберілгенін хабарлаған еді.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу